15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Баршаңызды келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бұл салада қызмет ететін мамандар мұқияттылықпен, жауапкершілікпен, қызметіне деген мінсіздігімен ерекшеленеді. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс, бюджеттеріңіздің теңгерімді, істеріңіздің мінсіз болуын тілеймін,- деді Ж.Бисембиев.
Іс-шарада қызметкерлерге ҚР Қаржы министрінің төсбелгісі, «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі сондай-ақ, министрліктің алғыс хаты мен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды.
Сала ардагерлері «Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен және бір топ қаржыгер «Атырау облысы мәслихатына — 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.