Атырауда газ бағасы өсе ме?

Атырауда «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының тауарлық газ бағасының өзгеруіне қатысты жария тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облыстық департаментінде тарифті көтеру туралы бастама көтерген "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ филиалының өтінімі қаралуда. Бұл жерде қымбатшылықтың үлесі аса көп емес. Тұтынушылардың 6-тобы үшін (1-ден 6-ға дейін) монополист табиғи газдың бағасын 16% көтеруді сұрайды. 8-ші топ үшін, оның ішінде тұтынушыларға одан әрі сату үшін сығылған, яғни, көлікке арналған және сұйытылған газды дайындау үшін тауарлық газ сатып алатын заңды тұлғаларға тариф 7%, ал, қалғандарына 4%-ға көтерілуі мүмкін.

Мына нәрсені түсіну керек, "QAZAQGAZ AIMAQ" мекемесінің тұтынушыларыөңірдегі ең маңызды стратегиялық нысандар, яғни, наубайханалар болып табылады. Сондықтан, жоғарыда аталған департамент жария тыңдаулар өткізеді. Ол биыл 3 наурызда сағат 11.00-де Атырау қаласы, З.Ғұмаров көшесі, №94 ғимараттың 2-қабатында (акт залында) заңнама талаптарына сәйкес өткізілетін болады. Жария тыңдаулар бір уақытта Департаменттің ресми парақшасында да Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн-режимде өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065. Оған Жария тыңдауларға онлайн қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» әлеуметтік желісінде «Атырау-Табиғи-Монополияларды Реттеу-Департаменті» атын енгізіп, іздестіруге болады және әрбір қатысушы онлайн режимінде сұрақ қоя алады. Жария тыңдауларға депутаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ