Атырауда 2026 жылғы шығыстардың көбісі білім беруге бағытталады

Облыстың функционалдық шығыстары да таныстырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 2026 жылы ең ірі шығыс білім беру саласына тиесілі. Бұл бағытқа 252,9 млрд теңге қарастырылған. Мұнан бөлек денсаулық сақтау  саласына 11,7 млрд теңге, әлеуметтік көмек және қамсыздандыруға 16,8 млрд теңге, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік үшін 24,2 млрд теңге жоспарланған.

Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиеваның айтуынша, білім саласына бөлінген қаражат жаңа мектептер салу, бар нысандарды жөндеу, мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсарту және материалдық базаны күшейтуге бағытталады.

«Біздің өңір - халық саны қарқынды өсіп жатқан аймақ. Сондықтан мектеп тапшылығын болдырмау үшін инвестиция көлемін ұлғайтып отырмыз» деді ол.