Студенттерді техникалық мамандықтарға оқытатын Атырау индустриалды колледжіне биыл 75 жыл толып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жұмысшы мамандықтар жылында аталған білім ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу үшін оның басшысы Қайыр Айтпайұлымен сұхбаттасқан едік.

- Қайыр Айтпайұлы, бүгінде еңбек нарығында техникалық мамандықтардың мамандары сұранысқа ие. Айтыңызшы, сіздің оқу орныңыз қандай жұмысшы мамандықтарын оқытады, техникалық база қандай, сізде дуальды оқыту бағдарламасы бар ма?
- Президенттің 2025 жылды жұмысшы мамандықтары деп жариялау бастамасы бүгінде еңбек адамы болу беделді екенін атап өткім келеді. Қазір елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын қайта бағалауға үлкен серпін беріліп жатқаны қуантады. Қазіргі уақытта энергетика, құрылыс және қызмет көрсету саласы елдің инфрақұрылымдық және экономикалық тұрақтылығының негізі болып табылады. Электр станцияларының үздіксіз жұмыс істеуі, біздің елімізде болашақ атом электр станцияларының, заманауи ғимараттардың құрылысы – мұның бәрі қарапайым жоғары білікті жұмысшы мамандардың қолымен жүзеге асырылады. Алайда, соңғы жылдары қарапайым жұмысқа деген қызығушылық төмендеп, жұмысшылардың жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналды. Сондықтан мен Мемлекет басшысының бастамасын осы мәселені шешудің бір қадамы ретінде қарастырамын.
Біздің оқу орнымыз туралы нақты айтатын болсақ, Атырау индустриалды колледжі жетпіс жылдан астам уақыт бойы жұмысшы кадрларды дайындап келеді. Бүгінде бізде алты негізгі мамандық бойынша 557 студент оқиды: "Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)", "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану", "Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)," Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану", " Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)", "Жүк көтергіш машиналар мен тасымалдаушылар". Біздің түлектеріміздің 40 пайызы нысаналы шарттар бойынша жұмысқа орналасады, сондай-ақ жыл сайын 140 студент дуальды оқыту бағдарламасы бойынша оқиды. Бүгінгі таңда орта техникалық мекемелер түлектерді уақыт талаптарына бейімдеу қажет екенін түсінеді, сондықтан колледжде олардың заманауи техникалық дағдылар мен практикалық тәжірибе алуы үшін жағдайлар жасалады. Мысалы, қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздеріне және экологиялық құрылысқа сұраныс артып келе жатқанын ескере отырып, колледж жетекші кәсіпорындармен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Біздің 15-тен астам әлеуметтік серіктесіміз бар, олар: "ЖЭО" АҚ, "Атырау Жарық" АҚ, "Батыс Альянс Строй" ЖШС, "Атырау Бетон 24" ЖШС, "КАЗКОМ-С" ЖШС, "Евробетон" компаниясы, "Тиберти Electric" ЖШС және тағы басқалар. Колледж болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін іске асыруға ықпал ететін WorldSkills инновациялық жастар жобаларына қатысуға дайындықты жүргізеді. Мысалы, биыл колледж 10 құзыреттілік бойынша қатысуды және біздің оқу орнымыздың базасында аймақтық деңгейде WorldSkills ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
- Сіз дуальды бағдарлама бойынша 140 студент оқитынын айттыңыз. Олар қандай кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді?
- Өткен жылы біздің студенттер Атырау кабель зауытында "Электрмен жабдықтау", "Дәнекерлеу ісі", "Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану" мамандықтары бойынша тәжірибеден өтті. Дуалды бағдарлама бойынша оқитын студенттердің жалпы санының 20 пайызы "ЖЭО" АҚ-да тәжірибеден өтті. Балалардың 10-30 пайызы "КАЗКОМ-С" ЖШС, "Атырау Бетон 24" ЖШС, Атырау вагон-құрылыс зауытында, "Атырау Жарық" АҚ және т.б. кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді.

- Колледж Атырау өңіріндегі еңбек нарығына мониторинг жүргізе ме?
- Өңірдің ірі кәсіпорындарымен бірлесіп, түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Бұл іс-шаралар еңбек нарығындағы сұраныстарды түсіну үшін жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты биылғы оқу жылында біз өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы жөніндегі іс-шаралар жоспарына жақын шетелдік колледждермен, атап айтқанда Қазан, Астрахань, Самара, Польшамен ынтымақтастық туралы жаңа меморандумдарға қол қоюды енгіздік. Сондай-ақ, бізде жаңа мамандықтар ашылады, бұлар - "Радиоэлектроника және байланыс", "Тігін ісі", "Жиһаз өндірісі", "Бухгалтерлік есеп және аудит".
Сонымен қатар, балаларды жұмысшы мамандықтарына тарту үшін индустриалды колледж жүйелі түрде оқушылар мен ата-аналар үшін Ашық есік күндерін өткізеді. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 8-11 сынып оқушыларына оқу шеберханалары мен зертханаларын көруге, жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен келешегі туралы ақпаратты естуге экскурсиялар өткізуді жоспарлап отырмыз. Кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде бейіндік сыныптар ашатын боламыз. Ал студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін энергетика және құрылыс саласындағы жетекші мамандар мен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен практикалық семинарлар өткізілетін болады. Серіктес кәсіпорындарда біздің студенттер нақты өндірістік процестерге қатысады, бұл оларға практикалық дағдыларын жетілдіруге және болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Біз "Үздік жас маман", "Шебер-құрылысшы", "Жылдың үздік дәнекерлеушісі" кәсіби конкурстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
- Қайыр Айтпайұлы, іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жан-жақты көмек пен қолдау көзделген. Бүгінгі күні колледждің техникалық жабдықталуы қалай және оған не қажет?
- Қазіргі уақытта колледждің бас ғимараты, екі шеберханасы, практикалық сабақтарға арналған оқу полигоны, жатақханасы бар. Бұл тұрғыда техникалық жарақтандыру мамандық алуда және сапалы білім алуда шешуші рөл атқарады деп айтқым келеді. 75 жылдық тарихы бар Атырау индустриалды колледжінің бас ғимараты күрделі жөндеуден өткізуді қажет етеді. Сондай-ақ, бізге жазғы спорт алаңы қажет, колледж базасында барлық қажетті материалдық-техникалық базасы бар құзыреттілік орталығын ашқан дұрыс болар еді.
Менің әріптестерім, соның ішінде өзім де мемлекеттің колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдағанына қуаныштымын деп ойлаймын. Жаңа оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге қол жеткізген орта техникалық мекемелер үшін бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері екі еседен астам мөлшерге артып, орта есеппен 912 мың теңгені құрайды (бұрын ол 437 мың теңгені құраған. Авт.). Сондықтан мен барлық арнаулы орта оқу орындары үшін Жұмысшы мамандықтар жылы Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау саласында жемісті болатынына сенімдімін. Білім министрлігінде атап өткендей, бүгінгі таңда ведомствоның басты басымдығы - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз ету және педагогтердің біліктілігін арттыру болып табылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
