Атырау-Индер тасжолы жөнделуде

Атырау-Индер тасжолының 50 шақырымына жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының (Жайық өзенінің сол жағы) 117-167 шақырым арасына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

⁃ Мердігер мекеме «Теміржол Құрылыс Атырау» ЖШС. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабаты алынып, айналма жол салу жұмыстары жүруде. Мұнда 14 арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды, - деді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов. 

Оның айтуынша, осы жылдың аяғына дейін көлік қозғалысына мүмкіндік жасау жоспарланған.