Атырау 2026 жылы арнаулы түсімдерден 26 млрд теңге жинайды

Облыстың үш жылдық бюджет жобасында арнаулы түсімдер нақтыланды, деп хабарлайды AtyrauPress.

2026 жылы арнаулы түсімдер 26,3 млрд теңге болады деп жоспарланған. Бұл облыс кірісінің 2,3%-ын құрайды. 2027 жылы үлесі - 2,4%, 2028 жылы - 2,5%.

Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева арнаулы түсімдердің өңірдің қаржылық тұрақтылығына маңызды екенін атап өтті.

«Арнаулы түсімдер - бюджет жүйесінің тұрақты бөлігі. Оның ішінде айыппұлдар, әкімшілік төлемдер, мемлекеттік қызметтер үшін алынатын алымдар және басқа да түсімдер бар. Бұл қаражат облыстың ішкі қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады» деді ол.