Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылына жалпы ұзындығы 4,8 шақырым,ені 6 метрді құрайтын жол пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Ауылішілік жолға асфальт жабындысы толық төселіп, төрт аялдама орнатылды.
– Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын “Казкомсервис” ЖШС жүргізді. Одан бөлек, ауыл ішінде тағы ұзындығы 8,6 шақырым болатын жол салу мақсатында жобалық-сметалық құжат жасақталды, - деді аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлім маманы Сеит Катиетов.
Бұдан бөлек осы ауданға қарасты Тұрғызба және Қосшағыл елді-мекендерінде жүріп жатқан жол құрылысы аяқталуға жақын. Қазір ірі түйірлі асфальт жабындысы төселіп, жол белгілерін орнату жұмыстары жүріп жатыр.
Сәуле МАҒАУ