Облыс бойынша 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз гранттан қазір 16 кәсіпкер үмітті. Олардың он бірі әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын болса, қалған бесеуі - «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Конкурсқа түскен қатысушылардың талапқа сәйкес, бизнес идеялары ерекше әрі тиімді болу керек. Комиссия мүшелері бизнес-жобаның тиімділігі мен қатысушының дайындығына мән берді. Сондай-ақ, оларда меншікті инфрақұрылымның мен жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылығы болуын назарға алды. Жобаның экономикалық тиімділігі де ұмыт қалмады.
- Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан іске асып жатқан бағдарлама көп. Солардың бірі – қайтарымсыз грант. Қатысушылардың арасынан біздің қойған талаптарға сәйке келіп, ережеге сәйкес көп ұпай алғандарға грант беріледі. Мысалы, өткен жылы осындай қолдауға 24 кәсіпкер ие болды. Олардың жұмысы 18 ай өткен соң «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жанынан мониторинг топ құрылып, тексеріледі, - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Жұмасейітов.
Конкурсқа қатысып, кәсібін үлкейтуге ниетті кәсіпкерлердің бірі – Нұрлыбек Бисенбаев. Ол мемлекеттің қаржылай қолдауы арқылы шеберханасын кеңейтуді жоспарлап отыр.
- «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасын жеңіп, осы конкурқа қатыстым. Басты мақсатым – домбыра жасайтын шеберханамды кеңейту, өнім санын арттырып, оларды өзге облыстардың халқына сату, - деді Н.Бисенбаев.