2026 жылы түсімдердің 97,2%-ын салықтар құрайды. Бұл туралы облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева облыстың кіріс бөлігінің құрылымы таныстырылған Қоғамдық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Негізгі салық түрлері мынадай:
корпоративтік табыс салығы - 6%,
жеке табыс салығы - 19,9%,
әлеуметтік салық - 15,4%,
заңды тұлғалардың мүлік салығы - 30,6%.
2026 жылы ірі мұнай компанияларын қоспағанда, корпоративтік табыс салығынан 58,1 млрд теңге, ал жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтан 314,7 млрд теңге түседі деп күтілуде.
«Экономикадағы белсенділік, халықтың жұмыспен қамтылуы және кәсіпкерліктің дамуы - салық түсімдерінің негізгі көзі. 2026 жылғы болжам да осы факторларға негізделіп отыр», деді басқарма басшысы.