Жылыойдан 900 мың текше метрге жуық су шығарылды

Жылыой ауданында су тасқыны басталғаннан бері 900 мың текше метрге жуық су шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Тасқыннан кейінгі қаладағы су сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күштер тартылуда: 

- Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі;
- Маңғыстау облысы ТЖД;
- Алматы облысы ТЖД;
- Атырау облысы ТЖД.

"Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасуда, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 бірлік ПНС-200, 1 бірлік - СНП-500, 3 бірлік ПНС-110 және 1 бірлік АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум "Суперсакер" тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 887 219 м3 құрайды" деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.