Жылыойда тәулік бойы тасқын салдары жойылуда

Жылыой ауданында Жем өзенінің су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны басталғалы Жылыой ауданында 731,300 текше метр су сорылды, 245 000 топырақ және 397 000 тонна инертті материалдар төселді.