Жылыойда орталық аурухана жұмысын қайта бастады 

Су тасқыны салдарынан науқастарды қабылдауды тоқтатқан Жылыой аудандық орталық ауруханасы өз жұмысын бүгін, 18 сәуірде сағат 19.00-де қайта бастайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Пациенттерді қабылдау кестесі өзгеріссіз қалды.

Естеріңізге сала кетейік, ауруханаға апаратын жолдың шайылуына байланысты медициналық мекемеге апаратын жолдың бағыты өзгерді.