Жылыойда кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы ашылды

Жылыойда тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

22 сәуір күні жұмысын бастаған кәсіпкерлерге арналған орталықта су тасқынынан келген шығынды өтеу бойынша кеңес берілетін болады. Кеңес беру орталығы Құлсары қаласында №15 мектеп ғимаратында орналасқан.