Жылыойда 650 отбасы материалдық көмек алды

Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды. Тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

- Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 - ге жуық өтініш қанағаттандырылды, - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.