Жедел желіге бір күн ішінде құлсарылықтардан 500-ден астам қоңырау түскен

109 жедел желі қызметінің мәліметінше, Құлсары қаласы бойынша тұрғындардан түскен сауалдар негізінен залалды өндіру тәртібі, өтемақыны төлеу мерзімі туралы болған. 
 


Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 109 жедел желі қызметіне 4975 қоңырау келіп түскен. Тұрғындар негізінен су деңгейі, судың сапасы, бөгет салу және тараған фейк ақпараттарды анықтау мақсатында жедел желі қызметіне жүгінген. 
 
Айта кету керек, төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 109 жедел желісі тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет көрсетуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы