Талдыкөлден эвакуацияланған 223 тұрғын Атыраудағы эвакопунтте жатыр

18 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылынан алдын ала эвакуацияланған 223 тұрғын Атырау қаласындағы АРЕС колледжі базасындағы эвакопунктте жатыр.

Эвакуациялық пунктте орналасқан тұрғындардың арасында 142 бала, 8 жүкті ана және 9 мүмкіндігі шектеулі адам бар.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданында соңғы тәулікте су деңгейі бірден + 8 см көтеріліп, Жайық өзенінің деңгейі 1008 см құрады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы