Талдыкөлде эвакуацияға бірнеше техника жұмылуда

️Талдыкөлде эвакуацияға 24 жеке құрам, 6 қайық, 6 техника жұмылуда.

"Қазіргі таңда Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында эвакуациялау жұмыстарын атқарудамыз. Бұл жерде 24 жеке құрам, 6 техника, 6 жүзу құралы жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта 70 ауыл тұрғынын эвакуацияладық. Ауыл тұрғындары мектепке жиналуда. Эвакуация жалғасуда", - деді Маңғыстау облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Уалихан Жұмабеков.