Жайық өзеніндегі су деңгейінің қарқыны күшейіп, Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылына су басу қаупі төнуіне байланысты, толық эвакуацияланған ауылда қоғамдық қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға және патрульдік бақылауға күн сайын 14 полиция, 5 патруль жұмылдырылды. Патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізіледі.
Адамдар эвакуацияланған барлық тұрғын үйлер мен шаруашылықтар тәулік бойы күзетілуде.
Басты міндет – қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, талан-таражға жол бермеу, сондай-ақ халыққа барлық қажетті көмек көрсету.
Жағдай жіті бақылауда.