21 «наурыз», 2023 5

Су тасқынынан зардап шеккендер қайдан көмек алады?


Көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен жағдайда азаматтарға қандай көмек көрсетілетіні туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтып берді. 

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен шаруалар мен қарапайым халыққа қандай көмек көрсетілетіні туралы сұраққа департамент басшысы бұл мәселе бойынша азаматтардың қайда жүгіне алатынын нақтылап берді.

«Төтенше жағдай орын алғандықтан, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша комиссия құрылады. Азаматтар комиссияға барып, қандай құжаттар керек екенін анықтап, өтініш жазуы керек. Комиссия сол өтінішті қарап, өзінің қарастыратын уақыты бар, бағалау жасап, заң аясында 15-30 күн ішінде қажетті көмек көрсетіледі. Яғни, комиссия бір ай ішінде шешім қабылдап, өтініш берушіге тиісті шешімін жеткізеді», - деді ол.

Сонымен қатар ол қазіргі су тасқыны кезеңінде осы Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында су жолды шайып кеткен жағдайлар бар екенін айтты. Ол елді мекендерде төтенше жағдайлар қызметтерінің құтқарушылары, қайықтары, күштері жұмыс істеуде. Олар су тартылғанға дейін сол жерлерде кезекшілік атқаратын болады.  

Қ. Оразалиннің айтуынша, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін жергілікті күштердің қауқары жетпей жатқан жағдайда, көрші өңірлерден қосымша көмек күші тартылады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін күш жетпей жатқандықтан, Маңғыстау мен Атырау облыстарынан төтенше жағдай күштері тартылған.

«Жайық өзенін санамағанда, БҚО өзендеріндегі су тасқыны басылды. Жайық өзеніндегі су көлемі Ресейдің жоғарғы өзендеріндегі гидрологиялық жағдайға байланысты», – деді спикер.

Сонымен қатар департамент басшысы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай қызметінің тікұшақтары халыққа шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын тұрғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

"Құлсарыға келін әкеле жатырмын" деп желіде жар салды

Бүгін, 17:26

Атырауда рейд жүріп жатыр: 134 тұрғын анықталып үлгерді

Бүгін, 16:30

Атыраулық домбырашылар халықаралық байқауда жеңіске жетті

Бүгін, 15:07

Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?

Бүгін, 14:03

Атырауда синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін анықтайтын заманауи құрылғы алынады

Бүгін, 13:03

Атырауда тұңғыш рет режиссерлер мен сценографтардың фестиваль-форумы басталды

Бүгін, 12:15

Атырау облысында жоғалып кеткен екі бақташының бірі өлі табылды

Бүгін, 11:50

Алданған атыраулықтар көшеге шығып шу шығарды (+ВИДЕО)

Бүгін, 11:06

Атырауда Құлманов көшесін жөндеу басталады

Бүгін, 10:30

Тамара Дүйсенова ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 10:13

Футбол: «Атырау» өз үйінде «Қайратты» жеңді

Бүгін, 10:00

Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін, 09:10

Исатай-Махамбет алаңы базарға айналып барады...

Бүгін, 09:00

Атырауда ТКШ бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 00:12

Атырауда 15 сайт бұғатталмақ

Бүгін, 00:02

Атырауда туған ағасын өлтірген науқас медбикені де жаралаған... (+ФОТО)

Кеше, 23:44

Атырау қалалық әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

Кеше, 18:01

Атырауда қандай мұғалімдер жұмыстан шығарылатыны айтылды

Кеше, 17:31