Сарайшықтағы арнаулы қызмет алушылар қайда көшіріледі?

Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

«Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 310 қызмет алушы бар. Ерекше күтімді қажет етушілерге орталықтың  90 маманы қызмет көрсетуде. Тасқын қауіпі төнген жағдайда,  емделушілер Атырау қаласына эвакуацияланады. Орталықтағы емделушілер мен қызметкерлер үшін Атырау қаласы, Геолог шағын ауданы аумағындағы «Атырау - Доссор» тас жолы, құрылыс 252 А мекен-жайында орналасқан “Текфен Гате” ЖШС филиалының жатақханасы дайындалды. Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Эвакуация үшін арнайы көліктер дайын» деді спикер Азамат Мәмбетов.