Сарайшықта зираттар қауымына жанама бөгет соғылуда

Сарайшық ауылында өр суының қатты ағыспен келуі салдарынан, елді мекеннен 2 шақырымдай қашықтықта орналасқан мазарға су кірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Айта кету керек, өр суы зират сыртынан соғылған балдан өтіп кеткен. Сондықтан, балды қосымша бекіту жұмыстары жүруде.

Оқиға орнында 14 камаз, 3 шахман, 1 гидромек техникасы бар. 20 сарбазды қоса алғанда, бөгет соғуға 50 адам қатысып жатыр.