Полицеймен әзілдеген атыраулықтардың басы дауға қалды

Атырау облысында жағалауды нығайту үшін топырақ салынған қаптарды ұрлады деп күдіктенген бес адам өз әзілінің құрбаны болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айтуларынша олар нығайту жұмыстарын жасаған еріктілер екен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қзыметі мәлім етті. Қазір Жайық өзені жағалауындағы салынған бөгеттерден қапшықтарды ұрлау туралы көптеген шағымдар түсіп, соған байланысты жағалау бақылауға алынды. Патрульдеу кезінде полицейлер көліктің жүксалғышына қапшықтарды салып жатқан адамдарды байқаған. Полиция қызметкерінің не істеп жатырсыздар деген сұрағына олар қапшықтарды үйлеріне апара жатырмыз деп жауап қайтарған. Хаттамаға сай әрекет еткен полицейдер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оларға түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

Полиция департаменті қолданыстағы ТЖ режиміне байыпты қарауды және осындай фактілерді болдырмау үшін өз жұмысын атқаратын полицейлерге қатысты арандатушылықтарға жол бермеуді сұрайды. Қазір су тасқынының алдын алу мақсатындағы бөгеттер патрульдеу және бейнекамералар арқылы мұқият тексерілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив