Мыңнан астам құлсарылық өтемақы бойынша "109"-ға жүгінді 

109 бірыңғай байланыс орталығы қызметінің басшысы Ақмарал Батырханованың айтуынша, Құлсары тұрғындарының негізгі сұрақтары бағалау қорытындыларын дайындау мерзімі, өтемақы алу мерзіміне қатысты болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысында ТЖ режимі жарияланғаннан бері 109 қызметіне 6000-нан астам қоңырау түсті. Тұрғындар негізінен су деңгейі, ауыз судың сапасы, бөгет салу және жалпы жалған ақпаратты анықтау мақсатында сенім телефонына жүгінген. Облыста төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері 109 жедел желісі күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде.                              

Фото AtyrauPress