Махамбетте жүкті аналар эвакуациялануда

Қазіргі уақытта "қызыл деңгейде" тұрған Талдыкөл ауылындағы 10 жүкті ананың барлығы Атырау қаласына эвакуацияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

"16 мамыр 12.00 сағаттағы мәлімет бойынша, Талдыкөл ауылынан көшірілген 5 жүкті ана Атырау қаласындағы АРЕС эвакопунктіне орналастырылды. 5 жүкті ана өз қалауымен туыстарының үйіне жеткізілді. Қазіргі уақытта, Талдыкөлден жеткізілген жүкті аналардың барлығы да дәрігерлік бақылауда. Махамбет ауданы бойынша қауіпті аймақтардың бірі - Сарайшық ауылында 20 жүкті ана есепте тұр. Қазіргі уақытта тасқын қауіпі төніп тұрған Талдыкөл, Сарайшық ауылдарында 18 жүкті ананың босанатын күні жақын" деді Махамбет аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Сержан Сандыбаев.