Махамбетте жедел бригада мен медпункт қызмет көрсетеді

Махамбет аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Сержан Сандыбаевтың хабарлауынша, осы мақсатта орталық аурухана 50 төсек орын дайындап отыр.

"Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған аурухана базасындағы 50 орындық  пункт негізінен төсек тартып жатқан ауыр науқастарды күтімге алып, дәргерлік көмек көрсетуге арналған" деді спикер Сержан Сандыбаев.

Бұдан бөлек, тасқын кезінде шұғыл медициналық көмек көрсететін екі жедел топ бригадасы жасақталып тұр. Білікті дәрігер мамандардан құралған жедел бригадалар су тасқыны болған аумақтарда медициналық қызмет көрсететін болады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы