Махамбетте 4000 мал қауіпсіз жерге көшірілді

Осы мақсатта 17 қауіпсіз аймақ анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Махамбет ауданда 50 мыңға жуық мал бар. Жануарларды тасқын судан қорғау мақсатында 17 қауіпсіз пункт анықталды. Бұл туралы қауіпті аймақтарға жатқызылған аумақтарда егіс жұмыстарымен айналысатын 46 шаруа қожалығының басшыларына алдын ала ескерту берілді, - деді Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаев. 

Қазіргі уақытта қауіпсіз аймақтарға 4000-нан астам мал айдалды.
 Маршруттар мен карталар әлеуметтік желілерде жарияланды, оларды ауылдық округ әкімдері аудандық жер қатынастары бөлімімен және ауыл ақсақалдарымен бірлесіп әзірледі.

Үй жануарларын көшіру картасы екі бағытта жасақталды, яғни, ені мен бойлық координаттары негізінде және  навигациялық маршруттар.

 Мал иелері оны "Google maps" қосымшасында көре алады.

Фото: AtyrauPress