Махамбет ауданы бойынша эвакуациялық комиссия мүшесі Венера Қабышеваның айтуынша, аталған ауданда 22 эвакопункт дайындалған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
«Оның ішінде 18 эвакопункт ауылдық елдімекендерде орналасқан білім беру ошақтары. Эвакопункттердің тасқын бола қалған жағдайда 16 мыңға жуық адамды қабылдай алатын мүмкіндігі бар. Аталған пункттерде төсек жабдықтармен бірге, ауыз су, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі - дәрмектер қоры жеткілікті» деді спикер Венера Қабышева.