Махамбет ауданының әкімі қазіргі ахуалды айтты

Су басу қауіпін сейілту мақсатында қазіргі уақытта Махамбет ауданында каналдарды пайдалана отырып, суды Каспий теңізіне қарай бағыттау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Махамбет ауданына қарасты каналдардың барлығына су толды. Дегенмен, каналдардың бойын жыру арқылы суды теңізге бағыттау, бұрынғы жыраларды пайдалана отырып, сайларға қарай су жіберу жұмыстары жасалуда. Республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолын тасқын судың жару қауіпі болғаннан кейін, жолдың 56 шақырымында трасса жырылды. Қазіргі уақытта жырылған трасса бойымен су жіберіліп жатыр. Бұл қадам елдімекендерді тасқын судың алып кетуінен сақтандыру мақсатында жасалып отыр" деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.