Махамбет ауданындағы ахуал қалай?

Онда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев айтып өткендей, бүгінгі таңда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, оған 217 бірлік арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери жұмылдырылған.

- Бүгінде халық пен малды эвакуациялау пункттерінің мекенжайлары анықталды. Жақын арада гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің орны белгіленеді, - деді Қайрат Нұрлыбаев.