Мақатта қайғылы жағдай орын алды...

15 сәуір күні Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына белгісіз азамат хабарласып, бейтаныс екі адам сөзге келісе алмай жатқаны жөнінде хабарлаған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған хабарлама бойынша Мақат аудандық ауруханасына 1987 жылы туған төрт аудан тұрғыны түрлі дене жарақаттарымен жеткізілген. 1987 жылы туған аудан тұрғыны алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Қазір ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, 2003 жылы туған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: metaratings.ru