Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан 163 әскери су тасқынынан кейінгі Құлсары қаласын қалыпқа келтіру жұмыстарына жұмылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облыстық ТЖ жөніндегі штабқа сілтеме жасап.
«Біз қазір Құлсары қаласы, 7-ауылдағы жаңа көпір маңын қалыпқа келтірудеміз. Бұл жерге 15 әскери ерікті жұмылдырылып, су тасқыны салдарымен күресуде» дейді әскери қызметкер Жандос АСХАТОВ.
Қазіргі уақытта Құлсары қаласын қалыпқа келтіру жұмысына "Ұлттық Ұлан", Қорғаныс министрлігіне қарасты 332 әскер жұмылдырылған.