Облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер» тасжолы – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құзырында, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Алайда, Атырау, Жылыой, Махамбет, Индер аудандарындағы ахуалға сәйкес арнайы техникалар сол жерлерге жұмылдырылғандықтан, жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Дегенмен, аудан тұрғындарына қолайлы жағдай туғызу мақсатында аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен тасжолдарды уақытша қалыпқа келтірілу жұмыстары басталды. Мәселен, Миялы мен Жангелдин ауылы арасындағы көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 10 м болатын 3 камаз, 2 погрузчик және 20-ға жуық ерікті жұмылдырылуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ