Құрманғазы тұрғындары 4 тонна қоқыс шығарды

20 маусым күні Құрманғазы ауданы әкімдігімен Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасына орай аудан бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Акцияда ауданға қарасты барлық мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, мекемелердің айналасын, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордан және басқа да ауылдық округтерді қоса алғанда 73 мекеме, 1200 адам қатысып, 4 тонна қоқыс орналастыру алаңына шығарылды. Аталмыш акция жыл аяғына дейін жалғасын табады. Шара мақсаты табиғатқа ұқыпты қарауға және экологиялық нормаларды сақтауды насихаттау.

"Ынтымақтастыққа, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды шараға, аудан тұрғындары ретінде баршаңызды үлес қосуға шақырамыз!" дейді ұйымдастырушылар.