Атырау халықаралық әуежайы ТЖ жағдайында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау халықаралық әуежайының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Андрей Венгринюк мәлімдегендей, ТЖ режимі аясында 10 сәуірден бастап Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына қосымша рейстер ашылған. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті.
- 10 сәуір мен 15 сәуір аралығындағы кезеңде қосымша рейстердің саны екі есе көбейтіліп, оларды 8 300 адам пайдаланды. Бұл ретте, Атырау халықаралық әуежайына салмақ түсіп тұрған жоқ, нысан штатты режимде жұмыс істеп тұр,-деді А.Венгринюк.
Фото: pixabay