Құлсарыны дамытудың стратегиялық жоспары жасалған

Құлсарылық тұрғындармен кездесу кезінде облыс әкімі Серік Шәпкенов Құлсарыны дамыту бойынша арнайы стратегиялық жоспар жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Серік Шәпкеновтың айтуынша, Махамбет даңғылындағы екі қабатты сегіз апатты үйді бұзу мәселесі шешілді.
Және тұрғындар көтеріп отырған мәселенің бірі - Достық шағын ауданындағы (Вахталық поселкедегі) және Бесінші учаскедегі тозығы жетіп тұрған көпірдің жаңартылатынын, бұл бағытта қаражат бөлініп, жұмыстар басталатынын айтты.

«Құлсарыны дамыту жоспары бойынша барлық жұмыстар атқарылады. Алайда, дәл қазіргі сәтте бірінші кезекте тұрған міндет - cу тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеу, жағдайларын жасау. Ең басты күшті техникалық зерделеу мен бағалауға жұмсадық. Құжаттардың алғашқы легі қолымызға тие бастады.  Осы уақытқа дейін сабырлылық танытқан құлсарылықтарға алғыс айтамын» деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.