Құлсарыдан 16 мың текше метр су шығарылды

Жылыой ауданында су тасқынының зардаптарын жою бойынша іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

 ⁃ 14-15 сәуірге қараған түні Құлсары көшелерінен коммуналдық қызмет өкілдері 4277 текше метр су шығарды. 43 вакуум машинасы іске қосылып, 473 мәрте рейс жасалды, - деп хабарлады Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Осылайша, сорылған судың жалпы көлемі 16 мың текше метрді құрады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ