Құлсарыдағы ауыз су сапасы – талапқа сай

Жылыой аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары үнемі су сынамаларын алып, тұрақты қадағалауда ұстап отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облыстық ТЖ жөніндегі штабқа сілтеме жасап.

Жалпы ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. Аудандық МСЭБ бөлімінің қызметкерлері сынаманы тәулігіне екі рет алып отыр. Мамандар Ұлы Жем өзенінің суынан да сынама алып, қадағалауда.

«Біздің мамандар күн сайын су мен өнімдердің сынамаларын алады, олардың құрамынан қауіпті заттар табылған жоқ. Тұрғындардың аудандағы ауыз судың сапасына алаңдауына еш негіз жоқ», - деді МСЭБ аудандық бөлімінің басшысы Бақыт Елеусінова.