Құлсарыда қыстақ тұрғындарына тамақ пен дәрі жеткізілуде

"Трэкол" көлігі Жем ауылдық округіне іргелес орналасқан Қараша елді мекенінің аумағында орналасқан қыстаққа келді, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

 Су тасқыны салдарынан қыстақта 12 адам оқшауланып,қалаға байланыса алмай қалған болатын. Қыстауда 5 үй бар. "Трэкол" көлігі қазіргі уақытта азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді қыстауда қалған отбасыларына жеткізумен айналысуда.