Құлсарыда қоғамдық штаб құрылды

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Жылыой аудан орталығы - Құлсары қаласында қоғамдық штаб жұмысын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

 Штаб құрамына ауданның қоғамдық белсенділері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, жастар көшбасшылары мен кәсіпкерлер кірді. Ауданның құрметті  азаматы Ербол Дәулетбаев қоғамдық штабты басқаруда.  ТЖ жөніндегі қоғамдық штаб құрудың мақсаты - өңірлерде тұрғындармен тиімді коммуникациялар құру, су тасқынынан зардап шеккендерге консультациялар беру және әлеуметтік шаралар туралы кеңінен ақпарат беру. Бұған несие мен ипотека төлемдерін кейінге қалдыру, тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек, бүлінген мүлікке өтемақы төлеу, үйлерді жөндеу және қалпына келтіру және басқа мәселелер кіреді. 

ТЖ жөніндегі қоғамдық штаб Махамбет даңғылы, N9 орта мектеп акт залы мекен-жайы бойынша орналасқан. Штабтың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.