Құлсарыда авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Жылыой ауданының Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары және су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тасқын суларын айдау жұмыстары жүргізілуде. Тәулігіне 34 мың текше метрден астам тасқын су айдалды. Барлық кезеңде 6,3 млн. текше метрден астам еріген су айдалды.

Әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үйлер мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда.