Құлсары тәулік бойы судан құрғатылуда

«Жылыой Тазалык» ЖШС-нің директоры Бауыржан Абдрахмановтың айтуынша, бүгінгі күні су басқан үйлерді құрғатуға 58 дана арнайы техника жұмылдырылып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облыстық ТЖ жөніндегі штабқа сілтеме жасап.

- Негізінен, бұлар ассенизаторлық машиналар. Сондай-ақ, олармен жұмыс істеу үшін 50 адам тартылып отыр. Бүгінгі күнге 7 800 текше метр су шығарылды,- деді Б.Абдрахманов.

Оның айтуынша, судан құрғату жұмыстары Құлсары қаласында тәулік бойы жүріп жатыр. Яғни, жұмысшылар екі ауысымда 12 сағаттан еңбек етуде.