Қиғаш өзенінің суы көтерілуде

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 19 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Еділ өзенінің бассейні Қиғаш пен Шароновка каналында су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде арнайы төгінділердің көбеюіне байланысты. Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі тәулігіне +12 см-ге артты және 213 см-ге тең деңгей, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 84 см-ді құрайды. Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі тәулігіне + 17 см-ге көтеріліп отыр. Және деңгейі 100 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 90 см құрайды. 

Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетінде су деңгейінің тәулігіне + 7 см-ге артты. Және деңгейі 154 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 57 см құрайды.

17 сәуірдегі Еділ су электр станциясынан қалпына келтіру 15740 м3/с құрайды. Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ