Қарағандылық еріктілер жетекшісі Ардана Мырзанова жұмыс барысын баяндады

Қарағанды облысында 10 ұйымнан жұмылдырылған 250-ден астам волонтер жұмысқа тартылып, су басқан елді мекендерге көмектесуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Волонтерлер Шет, Нұра, Осакаровка сияқты су басқан аудандарда гуманитарлық көмекті қабылдап және оны зардап шеккен отбасыларға таратумен айналысты.

«Волонтерлер Шет ауданына келген 50 тонна гуманитарлық көмекті қабылдап, зардап шеккен мұқтаж отбасыларға біркелкі таратып, аудан маңайында бөгет салуға құнды көмек көрсетті» деді Қарағанды облысы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Ардана Мырзанова.

Оның айтуынша, өңірден Қостанай облысына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Сондай-ақ, Орал, Ақтөбе қалаларына гуманитарлық көмек жинауда жеке кәсіпкерлер көмектесті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ