Исатайда оқушылар онлайн білім алуда

Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

- Исатай ауданында төтенше жағдай кезінде онлайн оқыту нысанында оқу үрдісін ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес қазіргі таңда оқу процесі онлайн форматқа көшірілді. Онлайн оқыту барысында Daryn.online, Amansultan платформалары пайдаланылуда. Сонымен қатар ағымдағы бақылаулар мен сынақтар өткізу тоқтатылды, - деді аудандық білім бөлімінің бамшысы Гүлайна Құрманғалиева.

Айта кетейік, Исатай ауданы білім бөліміне қарасты 16 мектепте 5229 оқушы білім алады. Оларға 802 педогог дәріс береді.