Индерге 350 әскери келді

Индер ауданы бойынша барлығы 7 ауылдық округте ұзындығы 17,8 шақырым қорғаныс бөгеттері бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жалпы Индер ауданы бойынша су тасқынының алдын алуға 88 бірлік арнайы техника және мекемелер мен жергілікті тұрғындардан 480 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ауданға Тараздан 350 әскери қызметші келді.

Әскери қызметшілер жағалауды бекіту жұмыстарына тартылып отыр:

- Өрлік ауылында  - 28 адам;

- Есбол ауылында - 54 адам;

- Құрылыс ауылында- 156 адам;

- Индербор кентінде- 112 адам.