Индерде жаға бекіту жұмыстары 95% аяқталды

Аудандағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 17 850 м-ден 27 820 м-ге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

- Биыл көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аясында қосымша 9970 м қорғаныс бөгеттері салынды. Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бұл аумақта 10 500 метр қорғаныс бекіністері орналасқан, - деді Индер ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әділ Қонқаев.

Қазіргі уақытта Индер ауданында 24 220 м жағалау сызығы нығайтылды, бұл жалпы жұмыс көлемінің 95% құрайды.