Индерде тасқыннан кейін бақша өнімдері шығып жатыр

Қазіргі уақытта қиярлар ерте пісіп, жергілікті сауда нүктелеріне саттыққа шығарылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиевтың айтуынша, Индер ауданында 800 га жер көлеміне егін егілген. 

«Оның ішінде бау-бақша, егін, дәнді дақылдар өнімдері бар. Сонымен бірге, үйірлі шегірткеден егін алқабын қорғау мақсатында, 5500 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жасау жоспарланған еді. Маусымның 5-12 аралығында аталған жер көлеміне улау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда егін алқаптарында ахуал тұрақты» деді спикер Әсет Оразғалиев.

Еске сала кетелік, 14 маусым күні мәлімет бойынша, Индер ауданындағы Жайық өзенінің су көлемі 8 метр 47 сантиметрді құрады (шекті деңгей 8 метр 45 сантметр).