Индерде 7 мыңға жуық мал эвакуацияланбақ

Индер ауданында үй жануарларын қауіпсіз аумаққа көшіру жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта арнайы бөлінген орындарға 5000-нан астам ұсақ мал және 1700 ірі қара мал көшіріледі. Үй жануарларын көшіру жұмыстары Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысады. 

Сондай-ақ, қауіпті орындар белгіленіп, ықтимал су тасқынының арнайы картасы әзірленді. 

- Қауіпсіз аймақтардың координаттары белгіленді. Бүгінгі күні Құрылыс және Жарсуат ауылынан қауіпсіз жерге қой малы шығарылуда. Сонымен қатар, Жарсуат ауылында малды көшіру орындары да анықталады, - деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.   

Фото: иллюстратив