Индер ауданында тасқыннан кейін құрылыс жұмыстары жанданды

Қазіргі уақытта аудан орталығында 80 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысы жүруде.  

Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиевтың айтуынша, көпқабатты үйлердің бірі жаз маусымында қолданысқа беріледі. 
«№ 7/1 тұрғын үйінің құрылысы жаз  айының соңында аяқталады. Үй кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Шыны керек, тасқын уақытында аудан үшін құрылыс материалдарын тасымалдау, жеткізуде қиындықтар болды. Тасқыннан кейін Индер ауданында құрылыс жұмыстары қайта жанданып отыр. Биыл аудан бойынша мектептер жанынан төрт спорт алаңы салынады. Олардың қатарында, Елтай, Көктоғай, Аққала ауылдарындағы мектептер бар»,-деді спикер Әсет Оразғалиев.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы