Геолог шағын ауданында тұрғындар асыға күткен жаңа саябақ бой көтеріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазір мұнда 6 жылдық 74 дана қарағайдың арнайы сорты және 230 дана шаған (ясень) ағашы отырғызылуда. Бұл — Атырау қаласында бұрын көп егілмеген, ерекше ағаш түрлері.
Жасыл желек тек қаланың сәнін арттырып қана қоймай, ауаны тазартуға, оттегін көбейтуге және ыстық күндері салқындық беруге зор үлес қосады.
Жаңа саябақ — тұрғындардың демалыс орны, балалардың қуаныш алаңы, ал табиғатты сүйетіндердің сүйікті мекеніне айналмақ.